Түркістан облысында жаңа босанған әйелдер sms хабарламалар арқылы құжат алды

Жыл басынын бері облысымызда 10 мыңнан аса жаңа босанған әйел сәбилерінің туу туралы куәлігін проактивті әдіспен рәсімдеді. «Азаматтарға арналғвн үкімет» корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жергілікті тұрғындарға проактивті қызметті алу жолдарын түсіндірді.

«Проактивті өмірді таңда!» атты акция барысында 400-ден аса нәзік жандыға аталған қызмет түрі бойынша кеңес берілді. Сонымен қатар проактивті қызмет бойынша болашақ аналарға нұсқаулығы бар ақпараттық парақшалар таратылды. Ары қарай оқыңыз

Қауіпсіздікті сақтау – әскериге міндет

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы азаматтарды әскерге шақыру және жөнелту бойынша жыл сайын алдыңғы қатарда және өз міндеттерін жоғары атқарып келеді.

Сондай-ақ түрлі іс-шараларда белсенді. Басқармада жуырда ғана Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай жиын өтті. Басқосуға ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Т. Аликулов, ОҚО бойынша ҚР ҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Б. Алдабергенов, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрамы қатысты. Ары қарай оқыңыз

Оңтүстікте «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау жүргізілді

 «Үміт» қоғамдық бірлестігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы департаменті тарапынан 2017 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында облыс көлемінде «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау» іс-шарасы жүргізілді.

Аталған іс-шара мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметті алушыларға жағдайлар жасау, қоғам тарапынан қадағалауды күшейтуге бағытталған. Ары қарай оқыңыз

Қышыма — паразиттік терi ауруы

Қышыма — бұл  жұқпалы – паразиттік терi ауруы, оның қоздырғышы -қотыр кенесi.
Қотыр кенесi адамның терiсiне енгеннен кейiн жылдам көбейе бастайды, ол адам терiсiнде жұмыртқа салады, олардан 7 –10 күн өткен соң, ересек қотыр кенелер пайда болады. Санитарлық-гигиеналық тәртiптi сақтамаған жағдайда — ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан, жатақханалардан, қонақ үйлерден, жүргiншi поездарынан жұқтырып алуға болады.

     Аурудың өзiне тән белгiлерi — қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде  бөртпелердiң   пайда болуы.Анықтап қарайтын болсақ,терідегі бөртпелер жұптасып орналасады.Ол қышыма тудырушы аналық және аталық кенелердің бірге өмір сүріп, тіршілігін жалғастыруының бір белгісі болып табылады. Ары қарай оқыңыз

«Аймен бірге» өлеңі

 

Түніменен сәулесі дала кезген,

Аймен доспын балғын шақ-бала кезден.

Тереземнен сығалап тұр еңкейіп,

Тартқандай тілдесуге дара сөзбен.

Оятып жіберген бе досым менің,

Осы сәтті мен де көп тосып едім.

Оймен айға жақындап мақпал түні,

Пернелерін сезімнің қосып едім. Ары қарай оқыңыз

«Қара ағаштар» өлеңі

 

Адамдар сұлулыққа ынтығады,

Жер беті көк өскінмен құлпырады.

Жаздың күні жайқалған жапырақтар,

Бұтақта күн көзіне ұмтылады.

 

Ақ қайындар тербелсе қатарласып,

Сендерді көрген адам болар ғашық.

Жап-жасыл жапырақтар арасынан,

Күн сығалап қараса нұрын шашып.

Ары қарай оқыңыз

Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге — жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемеде атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата — анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби — педагогикалық оқулықтарға енгізген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
Ары қарай оқыңыз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек!

Әлеуметтік медициналық сақтандыру — бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджеттік қаражаттар есебінен сақтандырылған халыққа денсаулығына келтірілген зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әрі жеке медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ары қарай оқыңыз

«Медицинский центр «Ай-Нұры» информирует

Товарищество с ограниченной ответственностью «Медицинский центр «Ай-Нұры» информирует о размещении государственного заказа на оказание гарантированного объема бесплатной медицинской помощи взрослому и детскому прикрепленному населению г.Шымкент на 2017год по следующим видам: Ары қарай оқыңыз

Алаяқтық үшін – сотталу!

Мүлікке қарсы кез келген қылмыс, мәселен, ұрлық – бұл тек материалдық ғана емес, сондай-ақ моральдық шығын болып табылады. Алайда, ең сорақысы, жәбірленушінің, алаяқтың құрбаны болып өз еркімен ақшасын бергені.

ҚР ҚК «Алаяқтық» туралы Заңының 190 бабына сәйкес, Шымкент қаласы гарнизонының әскери прокуратурасымен, әскери қызметкерлердің қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандығы жөніндегі хабарламаларды қарастыру тәжірибесі біріктірілді.

Жалпы, 2015 жылы 4 әскери қызметкерге қарсы, 11 өтінім тіркеліп, қаралды. Жәбірленушіге келтірілген зардап мөлшерінің жалпы сомасы 40 млн.теңгені құрап отыр. Аталған оқиғалардың 80% пайызында алаяқтардың құрбаны болған бірге істейтін әріптестері болса, 20% пайызында қарапайым азаматтар.

Жәбірленушілердің немқұрайлылығы немесе «оңай олжалы болуға» ұмтылуы, барлық оқиғаларда заңсыз іс-әрекеттердің насихатталуына негізгі себеп болған. Ары қарай оқыңыз