Ж. Түймебаев, ОҚО әкімі: Қымыз-қымыранды «Қазатомпром» ішпесе, халыққа таратыңыз

14925778_1772688696331893_6637878273945604501_nОблысымыздың солтүстігіндегі Созақ ауданының дамып, өсіп-өркендеуі үшін екі жол бар. Біріншісі – мал шаруашылығы, екіншісі – индустриаландыру. Теріскейдің табиғаты мал шаруашылығына жайлы болғанымен де егістік үшін қолайсыз. Бүгінде аудандағы ауыл шаруашылығының тек 10-15 пайызын ғана егістік құрайды. Сондықтан да аудан үшін мал өсірумен қатар индустриалды жобаларды қарқынды түрде іске асыру аса қажет. Бұл үшін аудан аумағындағы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның әлеуетін пайдалану керек. ОҚО басшысы Жансейіт Түймебаев Созақ ауданына сапарында жергілікті жұртшылықтың «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен қоян-қолтық жұмыс істеу керектігіне баса назар аударды. Ары қарай оқыңыз

Түйе тұқымын асылдандыратын палата

12-tuje2Бүгінде мал басы көбеюі әрі қоңды болуы үшін тұқымын асылдандыру мәселесі алдыңғы орынға шығып отыр. Ата-бабамыз ежелден құрық ұстап, жылқы үйіріп, қой қайырғандықтан бұл кәсіп бізге таң емес. Сонау ықылым замандардан бері әжетке жарап келе жатқан мал тұқымының азып, ұсақталып кеткен кездері де болған. Бүгінде осы салаға көптеп көңіл бөлініп, мал тұқымын асылдандыруға ерекше мән беріліп жатыр. Сең қозғалды. Енді аталған мәселе бағдарламалар арқылы емес, арнайы палата құру арқылы шешіледі. Ары қарай оқыңыз

Іскерлігімен мәлім Сарыағаш

4-saryagash-kopiya

Елбасының жолдауында айтылғандай, «кәсіп ашамын, өз ісімді бастаймын» деген азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Сондықтан да Оңтүстік өңірінде осы саладан нәпақасын табуға ниеттенген азаматтарға бүгінде айтарлықтай жағдай жасалған. Облыс орталығы Шымкенттен бөлек әрбір ауданда кәсіпкерлік мектебі, кәсіпкерлер палатасының филиалдары, кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтары жұмысын бастады. Ондағы мамандар ісін енді бастаған азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар негізінде жеңілдіктер алуға көмектеседі. Ары қарай оқыңыз

40 күнге сары деңгей енгізілді

Актобе-2ҚР ҰҚК қазақстандықтарға үндеу жасады Онда былай делінген: «Ақтөбе қаласында 2016 жылғы 5-6 маусымда құқық қорғау және арнаулы органдары ІІМ Ұлттық гвардияның әскери бөлімі мен қару-жарақ дүкендеріне қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлерді анықтау, іздеу және ұстау бойын-ша бірлескен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қалада антитеррорлық операциялар режимі әрекет ету үстінде. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, сондай-ақ, болуы ықтимал күштеу акцияларына алдын ала әрекет жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының басшысы ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант В.З.Жұмақанов ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына сәйкес 6 маусымда террористік қауіптіліктің «сары» (бірқалыпты) деңгейін жариялады. Ары қарай оқыңыз

Мақта егу технологиясын түбегейлі ауыстыруымыз қажет


Risunok7Облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы «Ұлт жоспары- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» практикалық кезеңінің орындалуы жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Ол баяндамасында үшінші реформа, яғни индустриялды және экономикалық өсім бағыты бойынша өнеркәсіпті дамытудың төрт бағытын ұсынды. 
Ары қарай оқыңыз

Жеміс ағаштарына құмар зиянкес көп

8bbabe078af8Кейінгі жылдары облыс аумағында жемісті ағаштар көптеп отырғызылуда. Соған байланысты сырттан келетін көшеттермен бірге шетелдерден карантинді зиянкестер де еніп жатыр. Солардың бірі – калифорниялық қалқаншалы сымыры. Ары қарай оқыңыз

Аралар азайып бара жатыр…

bee on yellow flower in summer

bee on yellow flower in summer

Бау-бақшамен айналысатын
бағбандар соңғы уақытта аралардың азайып бара жатқандығын айтып алаңдаулы. Жеміс-жидек ағаштары гүлдейтін уақытта аралар бұрынғыдай емес, аз екендігін айтады. Ал, өңірде жеміс-жидек шаруашылығын дамыту өткен жылдардан бері қарқынды қолға алынып жатыр. Жеміс ағаштарына табиғи жағдайы ыңғайлы
Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас ауданының шаруалары жеміс ағаштарының алқаптарын кеңейтуде. Бұған мемлекет тарапынан да қолдау жақсы. Алайда, аграрлық салаға өте тиімді араның азаюы расында егін шаруашылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін ба, деген сауал туындайды. Кезінде Эйнштейн: «Адам ауасыз – үш минут, сусыз – үш күн, ал, арасыз – төрт жыл ғана өмір сүре алады» деген екен. Ары қарай оқыңыз

Дендросаябақ салынып жатыр

дендросаябақ

Халық саны 70 мыңнан асатын Арыс қаласының соңғы жылдардағы даму қарқыны көңіл қуантады. Дәл қазір қалаға кіре беріс күре жолдың бойынан Дендросаябақтың құрылысы жүріп жатыр. Ары қарай оқыңыз

Жақсы аудан, бірақ газы мен суы жоқ

Жыл басында жер-жердегі әкімдердің өткен жылы атқарған шаруасын түгендеп, халық алдында есеп береді. Солардың қатарында Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов та бар. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов қатысқан жиында Парманов пен оның командасы қой жылында нендей іс тындырғанын баяндады. Жергілікті жұртшылық көңілі толатынын айтып, «жақсы» деген бағасын берді. Бірақ… Алдымен, сандарды судыратып жақсы жаңалықтарынан басталық… Ары қарай оқыңыз

Кім кімді?

Ленгер, «Тау жұлдызы» базары

Ленгер, «Тау жұлдызы» базары

Ленгердегі «Достық» базарында сауда қайта қыза түсті. Бұған дейін сан мәрте соттың шешімімен сан соғып, тірлігі тұралап қалған жеке кәсіпкерлердің жұмысы қайта жандана бастады. Есесіне, «Тау жұлдызы» базарындағылар тақырға отырудың алдында тұр. Аталған орталықтағы саудагерлер осылай деп, салы суға кетіп отыр. Былтырдан бері даудан көз ашпаған қос базардың қазіргі қалпын байқау үшін аталған аумаққа арнайы бардық.

Ары қарай оқыңыз