Шардарада күріш егілуде

Шардарада күріш егілуде

Шардара ауданының диқандары судың тапшылығына қарамастан, үйренген кәсіптерін қайта бастады. Биыл күнгейліктер 1400 гектардан астам жерге күріш екті. Айта кетейік, шаруалар өз өнімдерін сату үшін алысқа арқалап қиналмайды. Себебі, ауданның өзінде күрішті қайта өңдейтін зауыт бар. Ары қарай оқыңыз

Балық өсіру қолға алынады

Жылына әрбір қазақстандық 14 келі балық өнімін тұтынуы тиіс. Бірақ статистика бойынша өңірдегі тұрғындар балықты 4 келі ғана тұтынады екен. Жерлестеріміздің пайдалы асты тұрақты тұтынбауына не себеп? Бұған себеп, өлкемізде балық шаруашылығы кенжелеп қалған. Десек те, облысымызда балық шаруашылығының дамуына мол мүмкіндік бар. Мұны мамандар айтып та, дәлелдеп те жүр. Дәл осы саланы дамытамын дегендерге қолдау да көрсетіледі. Арнайы шақыртылған тәжірибелі мамандар білгенін үйретуге көшті. Балхаштан келген ихтиолог Елена Данько өлкедегі шағын су қоймаларын жерсіндіру және ондағы балық өнімін арттырудың жаңа тәсілдерін түсіндірді. Ары қарай оқыңыз