«Жайдарман» ойындарының Астана қалалық біріншілігі «Жарасым» маусымын тәмамдады

Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен 11 мамыр күні алғашқы ойын өтіп, 15 қараша күні маусым қорытындыланды. Біріншіліктің ойындарын биыл Қазақстан КВН Одағының Астана қаласындағы филиалының директоры болып тағайындалған танымал жайдарманшы Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Елорданың 20 жылдығына арналған қалалық чемпионаттың финалында «Маусымашар» фестиваліне қатысқан 45 топ арасынан озып шыққан үздік алтауы ойнады. Олар: «Тұран – Астана» университетінің «Тұран жастары» командасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінен «Жаңатех», «Астана» медицина университетінің «МУА», Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» құрамалары және Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен екі топ «Евразиат» пен «Дастан». Ары қарай оқыңыз