Жаңа туған балаға берілетін жәрдемақының түрлері

Жүкті әйелдің ай-күні жетіп, босану уақыты жақындағанда перзентханаға өзімен бірге алып баруы тиіс құжаттары мен керекті заттар бар. Соның ішінде, құжаттардың түгел болуы маңызды.

Белгілі бір себептермен өзге қала-аудандарда жүргенде босанып қалған жағдайда құжат рәсімдеуге жылдамырақ қол жеткізуге болады. Жүкті әйелдің перзентханаға алып баратын құжаттарының тізіміне тоқталсақ.

Олар:
1. Айырбастау картасы;
2.Жеке куәлік + көшірмесі;
3.Жұбайының жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін);
4.Неке туралы куәліктің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін).

Жәрдемақы алудағы өзгеріс
2017 жылдың қаңтар айынан бастап бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады. Бұл құжаттарды рәсімдуге мынадай құжаттар қажет:

1. Ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат;
2. Неке қию туралы куәлік және оның көшірмесі (ҚР аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәліктің көшірмесін бермейді);
3. Баланың тууы туралы медициналық куәлік (перзентханада беріледі), барлық балалардың тууы туралы куәліктері немесе ахуалдық жазбалардың көшірмесі;
4. Банктік шоттың нөмірі жайлы құжат.

Төлемдер және жәрдемақы түрлері

Сонымен бала туғанда келесі жәрдемақылар мен төлемдер ұсынылады:

  • Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір рет төленетін жәрдемақы (жұмыс істейтіндер үшін де, жұмыс істемейтіндер үшін де) – бекітілген жәрдемақы;
  • Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін);
  • Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін);
  • Табысының жоғалуына байланысты жүктілік және босануы бойынша бір рет төленетін әлеуметтік төлем (жұмыс істейтіндер үшін).

Егер декреттік демалыста болған уақыт ішінде екінші балаңызға жүкті болсаңыз, онда төлемдердің 4 түрін тек баланың тууына байланысты жәрдемақыны ғана және баланың күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақыны ғана ала аласыз. Екінші бала туғанда жұмыс берушіге еңбекақының сақталуынсыз декреттік демалысты ұзарту туралы өтінішпен жұмыс берушіге жүгіну қажет.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, анаға берілетін бір реттік жәрдемақы:
Бірінші, екінші, үшінші балаға – 71 270 тг,
төртінші және одан кейінгі балаларға – 118 783 тг беріледі.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы төленетін жәрдемақы мөлшері мынадай:
Бірінші балаға 13 070 тг;
Екінші балаға 15 452 тг;
Үшінші балаға 17 812 тг;
Төртінші және одан кейінгі балаларға 20 195 тг

Жүктілік және босануына байланысты әлеуметтік төлемдер бір рет, ал бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем – ай сайын төленеді. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін 4 жұмыс күні ішінде оларды мемлекеттік әлеуметтік қорына береді.
Осы қор 4 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды. Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін әр айдың 20 жұлдызына дейін төленеді.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

6 комментариев

  1. Салематсызба жумыс жасагандарга 1жаска дейин толейтинин акшасын бермейди ма сосын кесеровага жумыс жасагандарга берилмейдима

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *